- деді ҚХР-дың Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй ШЫҰ-ның жақында Циндаода өтетін саммиті туралы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) кіретін мүше мемлекеттер Басшылары Кеңесінің 18-ші отырысы 9-10 маусымда Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Циндао қаласында өтеді. Циндао саммиті шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға сапар шеккелі отыр. Циндаодағы саммит – ШЫҰ кеңейгеннен кейінгі бірінші басқосу болайын деп отыр. ШЫҰ дамып келе жатқан кезде осы кездесудің маңызы ерекше болмақ, себебі ол Ұйымның табысты жұмыс істеуі үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Саммит барысында ШЫҰ-ға мүше сегіз мемлекеттің және бақылаушы төрт елдің басшылары, сондай-ақ кейбір халықаралық ұйымдардың жетекшілері бірлесе отырып, ынтымақтастықтың жоспарларын талқылап, сондай-ақ бірлесе отырып, елеулі табыстарға қол жеткізеді дегенге сенеміз.

«Шанхай рухы» - бұл «бір біріне деген сенім, өзара тиімділік, теңдік, өзара кеңес, мәдениеттердің әртүрлілігіне құрмет және бірлесіп дамуға деген ұмтылыс». ШЫҰ-ның негізін осы қағидалар құрайды және олар Ұйымның өмір сүруі мен дамуының басты принциптері болып саналады. Соның негізінде Ұйымда ауызбірлікке, ынтымақтастыққа деген күшті ұмтылыс бар және ортақ тағдырмен байланысқан осы аймақтағы қауымдастықтың ортақ рухани негізі бола алады. ШЫҰ 17 жыл бойы халық ең тығыз орналасқан және өте үлкен территорияны алып жатқан аймақ болғандықтан, сондай-ақ әлемдегі әлеуетті зор Ұйым ретінде «Шанхай рухы» туын биік көтеріп келеді. Сонымен бірге ШЫҰ аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтап, аймақтың өркендеуі үшін мүше елдердің ортақ мүддесіне қызмет етіп жүр және әрбір мүше мемлекеттің дамуына жағдай жасап отыр. Нақты айтқанда, бір біріне деген құрмет пен әділеттілік принциптерін сақтай отырып, өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген дамудың позитивті энергиясы мен импульсын, сондай-ақ халықаралық қатынастардың жаңа үлгісін ұсынып

келеді.

ШЫҰ осыдан 17 жыл бұрын Қытайда құрылды. Өткен жылы Ұйымдағы төрағалық қайтадан Қытайға өтті. Төраға болып тұрған жылы Қытай «Шанхай рухын» алға жылжытып және Ұйым мүшелерінің әлеуетін ашу мақсатымен, сондай-ақ ауызбірікті нығайту үшін барлық мүше-елдердің қолдауымен 160-тан астам шара өткізді. Өзара саяси сенім – жаңа биікке көтерілді, сондай-ақ қауіпсіздік саласында да ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп, іскерлік ынтымақтастықта да тың серпілістер байқалады, ал гуманитарлық әріптестік жаңа нәтижелер беруде.

Қазақстан Қытайдың жақын көршісі болғандықтан, ол ШЫҰ-ның негізін қалаған мемлекеттердің бірі болды. Екі мемлекеттің ортақ таулары мен өзендері бар, сондықтан олар тығыз байланыстар орнатқан стратегиялық әріптестер болып саналады. Екі елдің ортақ шекарасы 1700 шақырымнан астам қашықтыққа созылып жатыр. Қытай–Еуропа, Қытай–Орталық Азия бағыты бойынша 10 контейнерлік пойыз 6 қала арқылы тікелей рейспен қатынайды және 5 ашық шекара бекеті, 4 газ құбыры, 1 мұнай құбыры, 2 теміржол екі елдің халықтарын бір бірімен тығыз байланыстырып тұр. Қазақстан мен Қытай ШЫҰ шеңберінде көп салалы ынтымақтастық жобаларына белсенді түрде қатысып жүр. Қытай ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасын Қазақстан белсенді түрде қолдап, оны өзінің «Нұрлы жол» деп аталатын Жаңа экономикалық саясатымен ұштастырды, бұл, өз кезегінде, екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік және басқа да салалардағы ынтымақтастық әлеуетін аша түсті.

2017 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы АҚШ-тың 18 млрд. долларына жетті, бұл – одан бұрынғы жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 37,4%-ға артық. Қытай өз тарихында бірінші рет Қазақстаннан газ импорттай бастады. Қазақстан арқылы өтетін Қытай – Еуропа бағытындағы шекарааралық пойыздар саны 1800 составқа жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50%-ға артты. Қытай, сондай-ақ, әлемдегі ең ірі коммерциялық несиелер беретін елге айналды, ал Қазақстанда Қытай төртінші ірі инвестор. Оның Қазақстандағы шикізаттық емес салаларға салып жатқан инвестициялары да тез өсіп келеді. Әсіресе қаржы және ауыл шаруашылығы және аймақтық ынтымақтастық салаларында екі елдің қарым-қатынасы тез дамуда. Атап айтсақ, индустриалды-инвестициялық ынтымақтастық шеңберінде ашуға жоспарланған 51 жобаның жартысынан көбісі – ҚХР Бас консульдығы орналасқан Алматы өңіріне келеді, олардың салатын инвестиция көлемі АҚШ-тың 27 млрд. долларынан асады. Бұл жобалар энергетика, байланыс, тамақ өнеркәсібі, инфрақұрылым, автомобиль құрастыру, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, металлургия, тау-кен өнеркәсібі т.б. салаларды қамтиды. Қытай-Қазақстан мұнай-газ құбыры, Мойнақ ГЭС-і, «Kelun Pharm» ЖШС, Шымкент МӨЗ-і (НПЗ), Үлкен диаметрлі болат құбырларын шағаратын зауыт, басқа да жобалар Қытай мен Қазақстан арасындағы іскерлік ынтымақтастықтың үлгісіне айналды.

Мәдени-гуманитарлық салада: «Көктемнің көңілді мерекесі», Қытай

мәдениеті күні, Қытай киносының апталығы, Қытайда өткен білім беру көрмесі, «Қытай мәдениеті лекциясы», түрлі тақырыптар бойынша өткен фотокөрмелер, Қытай мен Қазақстанда өткен туризм жылы», екі елде мәдени орталықтар ашу сияқты шаралар қос мемлекеттің халықтарының арасындағы достық пен өзара түсіністікті арттырды. Бүгін Қазақстанда 5 Конфуций институты бар, олардың 2-уі Алматы қаласында орналасқан. Қытайда оқитын қазақстандық студенттердің саны 14 мыңға жетті, ал Қазақстанда оқитын қытай студенттер 1400 адамға жуық – бұл Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Академиялық, ғылыми-техникалық, баспа, әдебиет, мұражай, басқа да мәдени- гуманитарлық мекемелердің арасындағы қарым-қатынастар күн сайын артып келеді. Қытай мен Қазақстан бірлесіп түсірген «Композитор» атты бірінші фильмді көрермендер жақын арада көретін болады, соның арқасында екі елдің халықтары фильмнің басты тақырыбы болған достықтың тарихын білетін болады және басқаларына да айтып жүреді.

«Халықта бірлік болса, балшықты да алтынға айналдыруға болады» дейді қытай мақылы. Екі мемлекеттің қуаты, саяси құрылымы, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер «Шанхай рухын» басшылыққа алып, өз позицияларын үйлестіріп, қарама-қайшылықтарды тез реттеп, ірі халықаралық және аймақтық проблемаларды шешкен кезде «ШЫҰ-ның үнін» естіртіп жүр, ал аймақтық ынтымақтастықты дамыту және ғаламдық басқару мәселесінде «ШЫҰ-ның жобаларын» ұсынып келеді, сондай-ақ адамзат прогресін дамытуда «ШЫҰ-ның күшін» де көрсетіп қояды. ШЫҰ жаңа тарих алдында тұрған кезде, ол Циндаода өзінің желкенін қайта көтеріп, жаңа дәуірге кіреді және дамудың жаңа жоспарын құрып, болашаққа жарқын жол ашатынына мен сенімдімін!