Республикалық қоғамдық бірлестіктің есеп беру-сайлау конференциясында Сейітқазы Матаев Қазақстан Журналистер одағы (ҚЖО) басқармасының төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды ҚазТАГ-тің тілшісі.

Бейне байланыс арқылы Республикамыздың барлық аймақтарының журналистері қатысқан конференцияда, басқарманың есебі талқыланып, қабылданды, сондай-ақ алдағы уақытқа жоспарлар құрылып, міндеттер анықталды.

Қоғамдық бірлестіктің жетекші органдары сайланды. Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы болып С. Матаев сайланды.

Соңғы кезде Одаққа белсенді азаматтық позициясы бар жас журналистер қабылданып жатқаны, шығармашылық байқауларды, семинарлар мен «дөңгелік үстелдерді» және жұртшылық қатысатын басқа да шараларды өткізу жұмыстары нақтылана түскені атап өтілді, сонымен бірге

қазақстандық журналистердің Қытай мен Украинадағы әріптестерімен халықаралық байланыстары нығайып келе жатқаны сөз болды. Сондай-ақ заң шығару қызметіне белсенді қатысу керектігі, журналистердің құқықтары мен бостандықтарын батыл түреде қорғау қажеттілігі және ардагерлерге көбірек көңіл бөліп, олардың тәжірибесін жас кадрларды даярлау үшін пайдалануға болатыны туралы айтылды.

Бұдан тыс, келесі жылы атап өтілетін шығармашылық Одақтың 60 жылдығына дайындық жоспары мақұлданды.

Қазақстан Журналистер одағы – еліміздегі ең үлкен шығармашылық ұйым. Еліміздегі газеттер мен телевидениенің, радио мен интернет басылымдардың 5 мың қызметкерлері Одақтың мүшелері болып табылады, ҚЖО-ның филиалдары барлық облыстарда және Астана мен Алматыда бар.