Қадірлі әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Журналистер одағының 60 жылдық мерейтойымен және 28 маусым – Баспасөз және байланыс қызметкерлерінің төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның ақпарат кеңістігінде өзіндік орны қалыптасқан барлық бұқаралық ақпарат құралдары қоғамды қашанда ойлы материалдарымен қуантып келеді. Осы орайда олар еліміздегі барлық құбылыстар мен оқиғаларға өзіндік бағасын айқын позиция арқылы білдіріп отыратындығын біз жақсы білеміз. Бүгінгі таңда журналистердің қоғамдық өмірдегі еңбегі мен үлесін бірауыз сөзбен бағалау мүмкін емес. Өйткені, сіздер мәртебелі мамандық иесі ретінде өз өмірлеріңізді халықтың тағдырымен байланыстырып, қажырлылық, табандылық танытып келесіздер.

Мерекелеріңіз құтты болсын, әріптестер! Халыққа шынайы ақпарат тарату ісіндегі соны ізденістеріңізге қашанда табыс тілейміз! Ортадағы ой айту өнерін меңгерген сіздердің шығар биіктеріңіз әлі алда екеніне күмән жоқ.

Ізгі ниетпен, Сейітқазы МАТАЕВ,

Қазақстан Журналистер одағы

Басқармасының төрағасы