Қазақстан Журналистер одағы ҚЖО-ның 60 жылдығына орай БАҚ арасында мақалалар байқауын жариялайды.

«2019 жылы Қазақстан Журналистер одағына 60 жыл толады. Соған байланысты Қазақстан Журналистер одағы дәстүрлі мақалалар, бейнесюжеттер, радиобағдарламалар байқауын жариялайды», - делінген дүйсенбідегі хабарда. 
Бұл ретте атап өтілгендей, байқау келесі аталымдар бойынша өтеді: репортерлік жұмыс, экономикалық шолу, саяси шолу, журналистік зерттеу, телевизиялық бағдарлама, фото жұмыс, үздік интернет-жоба, әлеуметтік желідегі есім (блогер). 
«Конкурсқа 2018 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 28 мамыры аралығында жарияланған материалдар қабылданады. Аудио-, бейнематериалдар, сондай-ақ газеттегі мақалаларды келесі e-mail-ға жолдауыңыз қажет: Гэты адрас электроннай пошты абаронены ад спам-ботаў. У вас павінен быць уключаны JavaScript для прагляду., тел.: 8 (727) 267 00 06. Жұмыстар 5 маусымға дейін қабылданады, қорытындысы 15 маусымда жария етіледі. Байқау қатысушыларына келесідей сауалнама толтыру қажет: ТАӘ, мекенжайы, телефон, жұмыс орны немесе оқу орны, e-mail», - деп хабарлады Журналистер одағынан. 
Хабарда айтылғандай, әр аталым бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйақымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Қазақстан Журналистер одағында лауреаттарды марапаттау 28 маусым – Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңында өтеді. Марапаттау рәсімінің өтетін уақыты мен орны қосымша хабарланады. 
ҚЖО ақпарынша, байқауға қатысатын мақалалар тақырыбы еркін таңдалады. 
«Бұл инновациялық әзірлемелер, өңірлердегі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, қоршаған орта проблемасы, қоғамдық маңызды қызметке халықты тарту тақырыбында болуы мүмкін. Сондай-ақ, мәдени түрлі тақырыптағы, жастардың әлеуетін арттыруға арналған, адам құқығын қорғауға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізу үшін ұсыныстар әзірлеуге, қоғамдық және азаматтық білім беру деңгейін арттыруға және т.б.арналған мақалалар да қабылданады» - делінген хабарда.
Бұл ретте, атап өтілгендей, бұл байқаудың ерекшелігі – өңірдегі проблеманы шешуде, халықтың тарихи және мәдени мұрасын насихаттауда зор үлес қосқан журналистер мен газет, ТВ, радио редакциялары туралы материал ұсыну. 
Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын басты талап – тақырыпты объективті, жан-жақты, тереңінен зерттеу, проблеманы қарастырудағы сонылық пен креативтілік, өзектілік мен жеделдік. Өзекті мәселеге арналған мақалалар топтамасы болса артықшылыққа ие болады.
Әділ-қазылар құрамы мен байқау туралы бақса да маңызды ақпарат Fasebook-тегі Журналистер одағы парақшасында және Қазақстан Журналистер одағы сайтында жарияланады.