Құрметті әріптестер!

Журналистер одағы БАҚ-тар арасында жарияланған конкурсқа жіберілген жұмыстарды қабылдап жатыр. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап, 2017 жылдың 1 қарашасына дейін жарияланған жұмыстар (ТВ, радио, газеттер, онлайн-БАҚ-тарда) қабылданады.

Байқаудың шарттарын еске саламыз:

Қазақстан Журналистер одағы телевидение, радио және газет журналистері арасында: «Ерлік», «Меценат», «Қазақстандық бренд» және «Біздің аулада» тақырыптары бойынша бәйге жариялайды.

«Ерлік» тақыры бойынша: өз денсаулығын, кейде өмірін қатерге тігіп, экстремалды жағдайларда адамдарды құтқарып қалған батырлар туралы очерктер жібере алады; «Меценат» тақыры бойынша: өз қаражатына мектептер, ауруханалар, спорт секциялары мен клубтарын т.б. салған немесе ашқан кәсіпкерлер туралы очерктер, эсселер, репортаждар қабылданады. Ал мемлекеттің немесе демеушілік көмектің арқасында жоғары сапалы халық тұтынатын тауарларды өз елімізде ғана емес, сондай-ақ шетелде шығарса, журналистер олар туралы еңбектерін «Қазақстандық бренд» тақырыбы бойынша байқауға жібере алады. Сондай-ақ, өз аулаларында, аудандарында, тұрғын үй кешендерінде халық шығармашылығы үйірмелерін, спорт секцияларын өз еріктерімен құрған энтузиасттар туралы еңбектерді «Біздің аулада» тақырыбы бойынша жіберуге болады.

Конкурстың қорытындысы бойынша ең жақсы еңбектің авторлары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады: 1-ші орынға – Т300 мың, 2-ші орынға – Т220 мың және 3-ші орынға – Т95 мың.

Аудио, бейне және баспа материалдарына сілтемені немесе жарияланған материалды pdf пен Word форматта мына мекен-жайға жіберіңіз: : Гэты адрас электроннай пошты абаронены ад спам-ботаў. У вас павінен быць уключаны JavaScript для прагляду. «Конкурс» деген белгі қойып 1 қарашаға дейін. Анықтамаға арналған телефон: 8 (727) 2670006.
Байқаудың қорытындысы 4 желтоқсанда жарияланады, ал жеңімпаздарды марапаттау 15 желтоқсанда өтеді.