Матаев Сейітқазы Бейсенғазыұлы

ҚР Журналистер Одағының Төрағасы

1954 жылы 31 қазанда РСФСР-дің Алтай өлкесі Новоегорьевск ауданы Лебяжье селосында туған. Қазақ.

1980 жылы Қазақ мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша бітірді.

1980-1982 жылдары ТАСС – ҚазТАГ-тың Торғай облысы, ал 1982-1986 жылдары Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі болып жұмыс істеді.

1986-1989 жылдары – облыстық «Индустриалды Қарағанды» газеті бас редакторының орынбасары.

1989-1991 жылдары – «Известия» газетінің Қазақ КСР-і бойынша меншікті тілшісі.

1991-1993 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, ал 1993-1994 жылдары – Премьер-министрдің баспасөз хатшысы.

1994-1996 жылдары қайтадан «Известия» газетінің Қазақстан Республикасы бойынша меншікті тілшісі.

1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ұлттық баспасөз клубының президенті, ал 2001 жылы Қазақстан Журналистер Одағының басқарма төрағасы болып сайланды, 2006 жылы екінші мерзімге қайта сайланды.

Қазақстан Журналистер Одағы – Республикалық журналистер Конгресінің құрылтайшысы, сондай-ақ ТМД Журналистер ұйымдары Конфедерациясының және Қазақстан шығармашылық Одақтары Конфедерациясының құрылтайшысы.

С.Б. Матаев, сонымен қатар, Қазақстан Президенті жанындағы БАҚ жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, журналистік сыйлықтар мен мемлекет басшысының гранттарын беретін комиссияның мүшесі.

С.Б. Матаев КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика Академиясының толық мүшесі, ТМД журналистер ұйымдары Конфедерациясының вице-президенті.

Қазір Журналистер одағы төрағасы міндетін атқарушы – Калеева Тамара Мисхадовна

Жауапты хатшы – Баян Рамазанова