Ресей Журналистер одағы өзінің қазақстандық әріптестерін Еуразия мемлекеттері жас журналистерінің «Мәдениеттер диалогы» деп аталатын жылдағы ХІІ Халықаралық Медиа-Форумына шақырады.

2017 жылы 21-23 қарашада Санкт-Петербургтің Мемлекеттік Эрмитажында Еуразия мемлекеттері жас журналистерінің «Мәдениеттер диалогы» деп аталатын жыл сайынғы ХІІ Халықаралық Медиа-Форумы өтеді.

«Мәдениеттер диалогы» Ресей территориясында он бір жыл бойы дәстүрлі журналистика мен жаңа медианың түрлі бағыттары өкілдерінің арасында пікір және кәсіби тәжірибе алмасатын ірі халықаралық алаң болып отыр.

«Мәдениеттер диалогы» шеңберінде 2017 жылы мына шаралар өтеді:

Практикалық конференцияда қазіргі заманның медиа талаптары мен медиа кеңістікте пайда болған жаңа технологиялардың дамуымен байланысты тақырыптарды талқылау қарастырылады. Жас журналистер түрлі мәдениеттер мен конфессиялар арасындағы жанжалдар мен текетірестерді БАҚ-тар арқылы шешу жолдарын талқылайды; трансшекаралық медиа жобалар ұсынылады. Сол жерде өз елінің өмір сүру ерекшеліктеріне арналған «Мен осы жерде тұрамын» атты ортақ тақырыппен қысқаметражды фильмдер фестивалі өтеді және форумға қатысушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарымен таныстыра алады.

Ал Мемлекеттік Эрмитажда «Мен осы жерде тұрамын» атты халықаралық фотокөрме өтеді және оған түрлі елдерден келген қатысушылардың алдын ала іріктелген жұмыстары қойылады. Біз Қазақстан Республикасының жас тілшілерін, редакторларын, фотосуретшілерді, операторларды, режиссерлерді, блогерлерді және медиа-сарапшыларды «Мәдениеттер диалогы» Медиа-форумына қатысуға шақырамыз. Форумға қатысушыларды мүдделестері мен әріптестерінің арасындағы шығармашылық ахуал, қызық та танымдық бағдарлама, сондай-ақ көптеген ұмытылмас әсерлер тосып тұр.

Практикалық ақпарат:

Қатысушылардың ұшып бару мен келуін жіберген жақ көтеріп алады;

«Мәдениеттер диалогына» қатысушылар «Октябрьская» қонақ үйінде тұрады, бір тәуліктің құны (21.11-24.11, келген уақыты 14.00, кететін уақыты 12.00 ):

Бір орындық бөлме:
2500 руб. адам/ тәулік (жеңілдікпен қоса есептегенде және оған таңғы ас кіреді).

Екі адамдық нөмір:   

1550 руб. адам/тәулік (жеңілдікпен қоса есептегенде және оған таңғы ас кіреді).

*Кеші тамақ - «Октябрьская» қонақ үйінің «Ассамблея» мейрамханасында (қалауынша). Адам басына кешкі астың құны (швед үстелі) 700 рубль болады.

*Қонақ үйге орналасқан кезде шетелдік азаматтар үшін салынатын салық 200 рубльді құрайды.

Ұйымдастыру комитеті, өз кезегінде, қатысушыларды әуежай мен вокзалда күтіп алуды және Санкт-Петербург ішінде жүретін көлікпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қатысушылар репортаждар жасау үшін Эрмитаждың залдары мен қоймаларында және Санкт-Петербургте түсірілімдер жасауға жағдай туғызады.

Егер форумға қатысушылар «Мәдениеттер диалогы»тақырыптары бойынша өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар жасаса, ол бізге алдағы Медиа-Форумның күн тәртібін жасауға көмектесер еді. Сіздердерден бастама күтеміз!

Медиа-Форум туралы толығырақ ақпаратты біздің сайттан көре аласыздар: http://mediacongress.ru/

119021, Мәскеу, Зубовский бульвары, 4-ші үй.
Тел: (495) 637-52-91; (495) 637-48-91
E-mail: Гэты адрас электроннай пошты абаронены ад спам-ботаў. У вас павінен быць уключаны JavaScript для прагляду.

«Журналистер достастығы»

медиа конгрестің президенті Джазоян А.Е.