Ұлттық баспасөз клубыныңвице-президенті, ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттіктің бас директоры.

Александр Максимович Кимасов 1936 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаихинск ауданы Выдриха селесында дүниеге келді. Шығыс Қазақстан педагогикалық институты орыс тілі, әдебиет және тарих мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Лениногор полиметалл комбинатында бұрғылау шебері болып бастады. Институтты бітірген соң, ауыл мектебінде оқу бөлімінің меңгерушісі, содан кейін лекторлық топтың жетекшісі, Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің Саяси сауат ашу үйінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы ОК-ның (ЦК) лекторлық тобының жетекшісі болып жұмыс істеді.

1991 жылы – А.Кимасов Қазақстан президенті баспасөз қызметінің кеңесшісі, 1997 жылдан бері Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті. 2008 жылы ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттіктің бас директоры болып тағайындалды. А. Кимасовтың ұйымдастырушылық қабылетінің арқасында шетелдік ақпарат агенттері ашылып, табысты жұмыс істеп келеді. Олар, жаңалықтарды қырғыз, тәжік, дари, өзбек, парсы және қытай тілдерінде беретін: ҚырғызТАГ, ТәжікТАГ, АуғанТАГ, ӨзбекТАГ, ИранТАГ және Silkroadnews.

А.М.Кимасов ұзақ аурудан кейін 2015 жылы 21 қыркүйекте қайтыс болды.

Ол бірнеше мемлекеттік наградаларға ие болды, «Қазақстанның құрметті журналисі» және республика журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

2016 жылы 14 желтоқсанда Александр Кимасов өлгеннен кейін ерен еңбегі мен азаматтық қоғамды дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Қазақстан журналистер одағының алтын медалімен марапатталды.