Журналист, публицист, жазушы.

Г. И. Толмачев 1939 жылы 8 сәуірде туды. 1963 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірді, ал 1972 жылы КОКП ОК (ЦК КПСС) жанындағы Қоғамдық ғылымдар Академиясының аспирантурасын тәмәмдады. Әртүрлі жылдары: «Комсомольская правда» газетінің меншікті тілшісі, «Огни Алатау» және «Қазақстан Халық конгресі» газеттерінің, сондай-ақ «Простор» әдеби журналының бас редакторы болды. Г. И. Толмачев «Қорқынышты төрт түн», «Олжас туралы повесть», «Д. А. Қонаевпен 50 кездесу», «Достарыммен қоштаспаймын» кітаптрының және ҚР Тұңғыш президенті Нұрcұлтан Назарбаев пен басқалары туралы жазылған «Лидер» атты деректі повестің авторы.

Г. И. Толмачев 2006 жылы 10 желтоқсанда қайтыс болды. «Экспресс К» газетінің редакциясы қазақ және орыс тілдерінде шығатын ең жақсы баспасөз басылымдардың жетекшілеріне арнап, жыл сайын берілетін Толмачев атындағы сыйлық тағайындады.