2018 жылы 1 қаңтарда «Алтын қурай» атты журналистердің халықаралық байқауы басталды, оның құрылтайшысы: Башқұртстан Республикасының үкіметі, «Уфа» журналының редакциясы, Мұстай Кәрім атындағы қор және РФ мен БР Журналистер одақтары.

Байқау атаулы оқиғаларға орай ұйымдастырылып отыр – Башқұртстан Республикасының құрылғанына 100 жыл толады және БР халық ақыны Мұстай Кәрімнің бір ғасырлық мерейтойы атап өтіледі.

Ауқымды шығармашылық бәйгеге қатысуға Ресейдің және шетелдің БАҚ-тары шақырылып отыр: қазылар алқасы 2018 жылы эфирге шыққан теле және радио хабарлар топтамасын, сондай-ақ баспасөз бен интернет-бассылымдарда 2018 жылы жарияланған мақалаларды қабылдайды. Өтініштерді қабылдау 2019 жылы 15 қаңтарда аяқталады.

Салтанатты марапаттау рәсімі - мерейтойлық 2019 жылы өтеді. Байқаудың қорытындысы бойынша жеті номинацияның әрқайсысында жеңімпаздар анықталады (I, II, III орындар). Бірінші орынға – диплом және 100 мың рубль көлемінде сыйлық табыс етіледі, екінші орынға – 70 мың рубль, үшінші орынға – 50 мың рубль беріледі. Конкурстың жалпы жүлде қоры 1 500 000 рубль. Номинациялар туралы толық ақпаратты zoIotoykuray.ru сайтынан оқи аласыздар. Жұмыстарды мына адреске жолдаңыздар: Гэты адрас электроннай пошты абаронены ад спам-ботаў. У вас павінен быць уключаны JavaScript для прагляду.. Барлық сұрақтарды көрсетілген «жедел желілерде» талқылауға болады: +7 347 273-93-19, +7 347 273-99-90.

Байқаудың ұйымдастыру комитеті.